Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробация қызметкерлері қарияларға көмек қолын созды

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД Жамбыл ауданының пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері Пресновка ауылында тұратын бес қарияның ауласының қарын тазартып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО бойынша ҚАЖД Жамбыл ауданының пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері еріктілермен және СҚО Жамбыл ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлерімен бірлесіп, СҚО Жамбыл ауданы Пресновка ауылында тұратын бес зейнеткерге ауласындағы қарды тазалауға көмек көрсетті.

Зейнеткерлер көрсетілген көмекке риза болып, пробация қызметіне, еріктілер мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

– Біздің келуіміз зейнеткерлер үшін күтпеген және қуанышты оқиға болды, біздің ауданда жалғызбасты қарттар көп тұрады, пробация қызметі алдағы уақытта да еріктілермен, СҚО Жамбыл ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлерімен бірге мұндай шараларды жалғастырады. Кейде қартайғанда адам жалғыз қалады. Егде жастағы адамдарда жалғыздықтың себептері әртүрлі болғанына қарамастан, олар бәріне бірдей түсіну, қамқорлық және адамның жылуын қалайды. Біздің әрқайсымыз мұқтаж адамдарға көмек көрсете аламыз, – дейді пробация қызметкерлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру