Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қауіпсіз жол” акциясы аясында рейдтік шаралар өткізілуде

Ақтөбе облысында полиция қызметкерлері “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жаяу жүргіншілер өткелдерінде және жалпы білім беретін мектептердің жанында рейдтік іс-шаралар өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Негізгі мақсат – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, мектеп аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, әсіресе мектептердің жанында автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуына жол бермеу.

2020 жылы өңірде балалардың қатысуымен 108 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 5 бала қаза тауып, 119-ы жарақат алды.

– Балаңыздың өмірі мен денсаулығына  немқұрайлы қарамаңыз. Көп жағдайда балалар ересектердің кінәсінен қаза болады, оларды арнайы бекіту құрылғылары жоқ автокөліктермен тасымалдайды, балалар отырған көліктің рөліне мас күйінде отырады. Балалардың жолдарда күтпеген жерден пайда болуы мүмкін екенін есте ұстаңыз, жылдамдықты арттырмаңыздар,- деді Ақтөбе қаласының ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Ермек Шуканов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру