Учаскелік полиция инспекторы жоғалған телефонды иесіне тауып берді
Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовтің атына Аққулы ауданының тұрғыны Наталья Митрофановадан алғыс хат түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Әдеттегідей, 2021 жылғы 14 қаңтарда сағат 16.00 шамасында менің қызым Диана жаттығуға кетті. Шаңғы жаттығулары Ертіс өзені маңындағы алаңда өтеді. Жаттығу кезінде менің қызым ұялы телефонын жоғалтып алған, ал біз үшін телефон байланыс құралы. Қызымды телефон арқылы қадағалаймын, онымен үнемі байланыстамыз. Сондықтан ұялы телефонның жоғалуы біз үшін кішігірім трагедия болды. Өзіміз іздеп таба алмадық. Сағат 19.14-те Павлодар облысы Аққулы ауданының полиция бөліміне қоңырау шалып, болған жайтты айтып бердім. Шақыртуға біздің учаскелік полиция инспекторымыз Айдархан Медет келді. Ол қызымнан жүрген жерлерін, телефонның қандай екенін сұрап алды. Учаскелік полиция қызметкері Ертіс өзеніне қарай бет алғанда, қараңғы түсіп кеткендіктен мен алаңдай бастадым. Қараңғыда, қарда оны қайдан табасыз? – дедім мен. Бірақ бірнеше сағаттан кейін учаскелік полиция инспекторы қызымның телефонын әкелгенде мен қуаныштан жылап жібердім. Учаскелік полиция қызметкерінің тоңғаны анық еді, далада қатты аяз болды. Қазір біздің учаскелік полиция қызметкері Айдархан Медеттің арқасында менің балам тағы да байланыста. Мен учаскелік полиция қызметкеріне және барлық полиция қызметкерлеріне ризамын. Оларға мықты денсаулық тілеймін, – деді Наталья Юрьевна.
– Баланың көзінен қуаныш көрген кездегі ананың жүзінен байқалатын бақыт өте құнды. Азаматтарға көмектесу – әрбір полиция қызметкерінің бірінші кезектегі міндеті, – деп айтты Аққулы ауданы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Айдархан Медет.