ШҚО тұрғыны дүкеннен спирттік ішімдіктер мен темекі ұрлаған
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны дүкеннен спирттік ішімдіктер мен темекі ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаңтар айының басында Ұлан ауданы ПБ «102» жедел арнасына 57 жастағы Таврия ауылының тұрғыны белгісіз адам дүкен терезесін шағып, ол жерден 95 мың теңгенің затын ұрлағанын хабарлаған. Ұрланған заттардың ішінде: спирттік ішімдіктер, темекі және газды от тұтатқыш болған.
Аталған қылмысты ашу мақсатында, тұрғын үй массивтері, көршілес тұрған дүкенкүзетшілерінен жауап алынып, аталған қылмысты ашу үшін барлық шаралар қабылданды.
– Жедел іздестіру шаралары барысында жедел ізге түсумен қылмысты жасады деген күдікпен осыған дейін сотты болған 49 жастағы Таврия ауылының тұрғыны ұсталып, күдікті қылмысты істегенін мойындаған. Іс бойынша тоғыз шөлмек спирттік ішімдік, сегіз қорап темекі және бес дана газды от тұтатқыш алынды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған іс бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармақшасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.