Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында қылмыс саны 28 пайызға төмендеген

Түркістан облысында 2020 жылы тіркелген қылмыс саны 28 пайызға төмендеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі мен Криминалдық полиция басқармаларының қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті нығайту бағытында қарқынды түрде қызмет етуде. Осы бағытта ұйымдастырылған алдын алу іс-шараларының нәтижесінде, 2020 жылдың 12 айында облыс көлемінде жалпы тіркелген қылмыстардың саны 2019 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 28 пайызға төмендеген. Соның біршамасын атап айтсақ: қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың саны 16,7% -ға, көшеде жасалған қылмыстардың саны 10%-ға, топтасып жасалған қылмыстардың саны 31,9%-ға, бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстардың саны 28,8%-ға, мас халдегілермен жасалған қылмыстардың саны 11,4% -ға, тонау қылмыстары 46% -ға, бұзақылық 34,4 %-ға төмендеуіне қол жеткізілген.

Мәселен, қоғамдық орындар мен көшелерде тонау, бұзақылық т.б. қылмыстарды болдырмау, алдын алу мақсатында қылмыстар жиі орын алатын аумақтарға полиция кешенді күштері жұмылдырылды. Сонымен қатар үнемі талдау жасалып, сол аумақтарда тұрақты бір нүктелік рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Оған қоса учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аумақтарындағы ойын-сауық орталықтары мен көңіл көтеру орындарын бақылауға алды. Нәтижесінде қоғамдық орындарда мас халде жүрген 1112 азамат анықталып, уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығына орналастырылған. ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша 7486 деректер анықталып, барлығына әкімшілік хаттама толтырылған.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері көпшілік орында әдептілік пен тәртіпті сақтап, мәдениетті жүруге дағдыланыңыздар деп ескертеді! Егер де, сіз, кезекті тәртіп бұзушылықтың, қоғамдық орында болған құқық бұзушылықтың куәсі немесе құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның “102” нөміріне хабар беріңіз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру