Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қорғаушыларды не мазалайды: Алматы полициясы заңгерлермен кездесу өткізді

Алматы полициясы заңгерлермен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жұмыс кездесуін Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Абдрахманов жүргізді. Сонымен қатар, оған Тергеу басқармасы, Анықтау басқармасының басшылығы, сондай-ақ, аудандық полиция басқармалары мен бөлімдері басшыларының тергеу мен анықтауға жауапты орынбасарлары қатысты.

– Біріншіден, осы кездесу арқылы біз қорғаушылар әкімшілік немесе қылмыстық іс жүргізуді ілгерілету кезінде кездесетін проблемалық және өзекті мәселелерді талқылауды мақсат еттік. Екі сағаттық диалогтың нәтижесінде, менің ойымша, өте сындарлы болып шықты, мен және менің әріптестерім ауыр сәттерді талқыладық, оларды шешудің жолдарын қарастырдық, қорғаушылардан ішкі істер органдары мен қорғаушылар алқасының өзара іс-қимылын жақсарту бойынша ұсыныстарды тыңдадық, сонымен қатар, Алматыдағы полиция бөлімшелерінің өндірісіндегі бірқатар қылмыстық істерді мазмұнды түрде талдадық, – деді Рүстем Абдрахманов.

Нәтижелі диалогтың соңында тараптар осындай жұмыс кездесулері дәстүрге айналуы керек деген ортақ пікірге келді.

– Мен өз тарапымнан, біздің бірлескен ынтымақтастығымыз, ең алдымен, азаматтардың әл-ауқаты үшін жеміс береді деген үміт білдіргім келеді, – деді Абдрахманов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру