Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық алаяқ бірнеше тұрғынның миллиондаған ақшасын алдап, иемденіп кетті

Атырау облысының тұрғыны Тенгизге жұмысқа орналастыруға уәде беріп, сенім білдірген азаматтардан миллиондаған теңгені иемденді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Зардап шеккендердің бірі таныс емес әйел “WhatSapp” мессенджері арқылы хат алмасып, оның сеніміне кіріп, Тенгизге жұмысқа орналасуға көмектесуге уәде бергенін хабарлады.

Оған сенген Шымкент қаласының тұрғыны,оған 200 мың теңге беріп, қолындағы барынан айырылып қалған.

Тергеу барысында күдіктінің алаяқтық жолымен 40-тан астам адамды алдағаны анықталды. Алаяқ әйел әр құрбаннан 150 -200 мың теңгеден алдын ала ақша алып, өзінің уәделері туралы “ұмытып кеткен”.

Жәбірленушілерге келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 10 миллион теңгені құрады.

Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша жүргізілді. Оған үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру және материалдық залалдың 20 еселенген мөлшеріне дейін үлкен айыппұл салыну көзделген.

Ақтөбе облысының полицейлері өз кезегінде азаматтарға әр түрлі алаяқтармен қырағы және сақ болуды ұсынады. Сондай-ақ, күмәнді қызметтерді ұсынатын алаяқтардың айла-амалдарына түспеу үшін шамадан тыс сенімділік танытпауға кеңес беріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру