Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жұртқа жақын полиция

«Жұртқа жақын полиция» қағидаты іске асырылуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жыл құқық бұзушылықтардың алдын алу және «жұртқа жақын полиция» қағидатын қамтамасыз ету жылы болады. Бұл туралы ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев ведомствоның алқа отырысында мәлімдеді.

Қазақстандық полицияны жұмыстың сервистік моделіне көшіру үшін «Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сервистік тәсілдер» пилоттық жобасы іске қосылды.

Ол құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын талдауды, оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеуді, сондай-ақ халықты құқық бұзушылықтардың алдын алу процесіне тартуды көздейді.

«Жұртқа жақын полиция» қағидатын іске асыру үшін 2021 жылы учаскелік инспекторлардың санын көбейту, криминогендік аудандарда және адамдар көп жиналатын жерлерде 200-ден астам модульді полиция бекеттерін салу, «икемді» патрульдеу бағыттарын пайдалану, азаматтармен коммуникация жасау арналарын көбейту жоспарланып отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру