Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ киберқылмыспен күресу үшін IT-мамандарды тартуды жоспарлауда

ІІМ киберқылмыспен күресу үшін IT-мамандарды тартуды жоспарлауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Киберқылмыскерлердің әрекеттері күшейе түсуде, олар деректерді шифрлауды, IP және есептік жазбаларды жасыру бағдарламаларын қолданады. Интернеттің мүмкіндіктері балаларға, экстремизмге, есірткі бизнесіне, порнографияға байланысты қылмыстарды жасау үшін де қолданылуда. Сондықтан біз киберқылмыспен күрес орталығының штатына  білікті IT-мамандарды қосуды  және орталықты заманауи бағдарламалық-техникалық жабдықтармен жарақтандыруды жоспарлап отырмыз, – деді министр Ерлан Тұрғамбаев.

 

Сондай-ақ, ІІМ-де интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы бөлімше құрылады. Ведомствода атап өткендей, пандемия және онлайн-қызметтерге сұраныстың өсуі кезінде тек 2020 жылдың өзінде интернет-алаяқтық фактілері 2 есеге (7732-ден 14110-ға дейін) өскен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру