Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда қараусыз жүрген мал иелері анықталды

Павлодар облысында әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазбадағы қараусыз жайылып жүрген жылқы табынының иесі анықталып, жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қаңтарда әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде тас жолдың бойында қараусыз жүрген жылқылар түсірілген бейнежазба анықталды.

– Полицейлер аталған факт бойынша тексеру жүргізді. Жолда және жол бойында иесіз жүрген жылқылардың иесі анықталды. Жылқылар жол қозғалысының қатысушыларына кедергі келтірген және  олардың жолда қараусыз жүруі кез келген уақытта жол-көлік оқиғасына немесе апатқа әкелуі мүмкін еді. Учаскелік полиция инспекторы жылқылардың иесін Аққулы ауданында анықтады. Табын иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК – нің 408-бабы 1-бөлігі бойынша (Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген, қалаларда және басқа да елдi мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) әкімшілік іс қозғалды, – деді Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Айта кетейік, жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша 146 мал иесі жауапкершілікке тартылды. Коммуналдық тұраққа 248 бас қараусыз мал қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру