Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды

Қызылордада “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс көлемінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қаңтар айының 20-22 күндері аралығында “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп, оның барысында қоғамдық көлік жүргізушілері жол берген жол қозғалысы ережелерін бұзудың  395 дерегі анықталды.

Оның ішінде, жолаушыларды, багажды тасымалдау қағидаларын бұзудың 28 дерегі, Қазақстан Республикасында автомобильмен тасымалдаудың рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидасын бұзудың 3 дерегі, заңсыз қайта жабдықтаудың 28 дерегі бар, рейс алдындағы қарап тексеруден өтпеген 18 жүргізушіге, көлігі міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген 66 жүргізушіге, ұялы телефон пайдаланған 68 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар, белгіленген жылдамдықты асырған 9 жүргізуші, маневр жасау ережесін бұзған 72 жүргізуші, қарсы бағытқа шыққан 2 жүргізуші, ҚР-ның міндетті сақтандыру заңнамасын бұзған 6 жүргізуші, көлік құралын масаң күйде басқарған 3 жүргізуші анықталып, хаттамалар толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру