Сайрамдық полицейлер алаяқтық жолмен ақша алған күдіктіні ұстады
Сайрамдық полицейлер алаяқтық жолмен тұрғынның сеніміне кіріп, ақша алған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сайрам АПБ-ға жергілікті тұрғыннан арыз түседі. Ол арызында белгісіз танымайтын адам сеніміне кіріп, Ресей автокөлігін ҚР есебіне тіркеп беремін деп 100 мың теңгесін алып кеткен. Содан бері ізін суытқан. Ер адам алаяқтың құрбаны болғанын түсінгеннен кейін, ол полицияға барып көмек сұрады.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Бұл іс бойынша полицейлер жедел-іздестру жұмыстарын жүргізді. Жан-жақты тексеріп күдікті деген адамдардан жауап алу жұмысын бастап кетті.
Нәтижесінде күдікті азаматты полицейлер бір күн ішінде ұстады. Тергеушілердің күдіктіден жауап алу барысында жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, түрлі сылтаулар мен карантин режимін айтып, ақшасын бермей, уақытын ұзартып жүрген. Осылайша күдікті ер азамат пайдакүнемдік ниетпен, алаяқтық жолмен оңай ақша тапқысы келген. Алаяқ алынған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Ол ешқайда кетпеу туралы қолхатта. Қазіргі таңда ұсталған ер азаматқа қатысты тергеу амалдары жүруде. Жинақталған іс-құжаттары ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша айыптау актісімен бірге тиісті заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
Түркістан облысының полицейлері алаяқтық әрекеттерді болдырмау үшін, азаматтарға мұқият болуды және күмәнді қызметтерді ұсынатын бейтаныс адамдарға артық сенім білдірмеуге кеңес береді. Сондай-ақ, тез пайда табуға үміттеніп, өз мүлкі мен ақшасын, сондай-ақ банктік шот кодтары мен басқа да жеке ақпаратты белгісіз адамдарға бермеңіздер. Егер де, сіз, алаяқтықтың немесе басқа да осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға «102» нөміріне хабарласыңыздар.