Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері мас халде ұрлық жасаған күдіктіні анықтады

Түркістан облысының полицейлері мас халде ұрлық жасаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып келген. Оның айтуынша, күндізгі сағат 12:00 шамасында өзінің тұрғылықты мекен жайынан белгісіз азамат “Samsung С10” маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленуші әйелге келтірілген жалпы шығын көлемі 70 мың теңге. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Қырағы полицейлер тобы жедел әрекет ету арқылы ұрлық жайты болған тұрғынжайға тез арада шығады. Көрген білгендерден сұрастырып, көршілерімен сауалнамалар жүргізеді. Нәтижесінде тәртіп сақшылар жеделділіктерін танытып, ұрлық жасаған күдіктіні қолға түсіреді. Ол жәбірленуші әйелдің туысы әрі көршісі болып шығады.

Тергеу барысында белгілі болғандай, арызданушы азаматша өз жұмыстарымен үйінен шығып кеткен. Сол мезетте анасының жалғыз қалғанын білген туысы, мас халде үйіне келген. Егде жастағы ананың шай дайындап жатқанын пайдаланып, ас бөлмедегі терезе алдында тұрған ұялы телефонды жасырын жымқырып, ол жерден бой тасалаған. Оңай олжа тапқысы келген ер азамат қолды қылған затын бес мың теңгеге сатып, ақшасын алкогольді ішімдік алуға жұмсап жіберген. Қазіргі таңда ұрланған ұялы телефон табылып, заңды иесіне қайтарылды. Күдікті азаматқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Бас шарасы қолхатта.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға бағалы заттарыңыз бен ұялы телефондарыңызға сақ болыңыздар деп ескертеді. Кез-келген заттарыңызды бөтеннің көзі түспейтін жерде сақтауға кеңес береді. Сондықтан полицейлер жеке мүлікке мұқият болып, сақтық шараларын қолдану қажеттілігін ескертеді. Егер сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз тез арада “102” нөміріне хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз, ұрлық қылымысының аз уақытта ашылуына өз септігін тигізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру