Қарағандыда дүкендегі терминалдан ақша ұрлаған күдікті жауапқа тартылды
Қарағандыда терминалдан ақша ұрлаған күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне белгісіз біреудің дүкендердің бірінде орналасқан терминалды бұзып, 95 мың теңге ақша ұрлап кеткені туралы хабарлама түсті.
Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Қылмыс жасалған уақытта күдіктінің әрекеттерін ешкім көрмеген, яғни куәгерлер, сонымен қатар дүкеннің аумағында бейнебақылау камерасы болмаған.
Алайда полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберліктерінің нәтижесінде 1 ақпан күні жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті өз қылмысын мойындады.
Полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.
Тергеу амалдары жүргізілуде.