Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Байқоңырда көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші қайтадан көлік тізгініне отырған

Байқоңырда көлік басқару құқығынан айырылған азамат қайтадан мас күйінде көлік басқарып жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 қаңтарда Байқоңыр қаласының көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жеңіл автокөлікті тоқтатқан.

Автокөлікті басқарып келе жатқан 25 жастағы облыс тұрғыны болып шықты. Тексеру барысында бұл азаматтың 2020 жылғы 20 қаңтарда жеті жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны, алайда көлікті мас күйінде қайта басқарып, жол қозғалысына басқа да қатысушылардың өміріне қауіп төндіргені анықталды.

Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру