Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантин режимін сақтамағандар жауапқа тартылады

Түркістан облысының полицейлері карантин режимін сақтамаушылар жауапқа тартылатынын ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларының негізінде карантин режимі кезінде, бірқатар шектеу шаралары көрсетілген. Осы бағытта карантин режимін және шектеу шараларының сақталуын қадағалау үшін Сарыағаш АПБ-ның қызметкерлерінен құрылған бірнеше топтар профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Осы тұста сағат 15:30 шамасында Сарыағаш ауданының ауылдарының бірінде қазығұрттық тұрғынның 100-ге жуық адамды жинап, «Көкпар» ойынын өткізіп жатқаны анықталды.

Сонымен қатар Сарыағаш қаласының көшелерінің бірінде орналасқан компьютерлік ойын клубы жұмыс жасап тұрғаны белгілі болды. Аталған жайттарға байланысты көкпар ойынын ұйымдастырушысына және ойынхана иесі мен ойынхана әкімгеріне карантин режимін және шектеу шараларын сақтамай, карантин талаптарын орындамағаны үшін іс-құжаттар рәсімделіп, Сарыағаш аудандық СЭББ-на жолданды.

Түркістан облысы Полиция департаменті карантин режимі кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жазаға тартылатынын ескертеді. Сондықтан Бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын қатаң сақтау, бетперде кию және арақашықтықты сақтауды естен шығармаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру