Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері ұялы телефон ұрлаған күдіктіні ұстады

Түркістан облысының полицейлері ұялы телефон ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын әйел ұрлықтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданған. Жәбірленуші азаматшаның айтуынша үйіне таныс досы қонаққа келген. Сондай-ақ жәбірленуші ұялы телефонын қонақ бөлмеде тұрған үстел үстіне қойып ұмытып кеткенін көрсеткен. Жәбірленуші әйел үйіне келген қонақты шығарып салады. Содан әйел өзіне тиесілі құны 100 мың теңге тұратын ұялы телефонының жоқтығын көріп, ұрланғанын байқайды. Жәбірленуші әйел бірден полицейелерге арызданады. Оған келтірілген жалпы шығын көлемі – 100 мың теңге.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Бұл ұрлық қылмысын ашу мақсатында полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жан-жақты тексеру жұмыстарын жүзеге асыру үшін ақпарат көздеріне сүйенді. Соның нәтижесінде күдікті азамат анықталды. Ол жәбірленушінің үйіне келген қонақ болып шықты. Айғақты зат ретінде қолды болған ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктінің бас шарасы қолхатта. Жәбірленуші әйел ұялы телефонын тауып берген полиция қызметкерлеріне үлкен алғысын білдірді.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуды және ұялы телефондарды қараусыз қалдырмауды ұсынады. Егер, сіз, тонаудың немесе бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда дереу «102» телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру