Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері қан доноры болды

Көлік полицейлері қан доноры болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін, көлік полицейлері мұқтаж жандарға донорлық көмек көрсету мақсатында «ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен» бірлесіп, ерікті түрде қан тапсыру акциясын ұйымдастырды. Қажетті қан тапсыру Департамент ғимаратында болды.

– Полицейлердің донор болуы – өзге тұлғаларға қарағанда өте маңыздырақ. Себебі, қызметке орналасар алдында олардың денсаулығына мұқият мән беріліп, арнайы медициналық тексерулерден өтеді, – дейді дәрігерлер.


Тәртіп сақшылары қан тапсырар алдында қажетті құжаттарды толтырып, дәрігердің қарауынан өтіп, қан қысымын өлшеді. Барлық қажетті тексеруден өткен соң, олар 500 миллилитр қан тапсырды. Акцияға Департамент басшылығы мен жеке құрамнан 50-ге жуық қызметкер қатысты.

– Біздің полицейлеріміз қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ осындай қайырымды акцияларға қатысып, әркез көмек көрсетуге дайын. Көмекке мұқтаж азаматтарға көмектесу – біздің азаматтық борышымыз. Бүгінгі донорлық көмегімізде осындақ мақсатпен, – деп атап өтті Департамент бастығының міндетін атқарушы Сарықұл Жоланов.

Өз кезегінде медицина қызметкерлері полицейлерге көрсеткен көмегі үшін алғыс айтып, мұндай акциялар қан құюға аса мұқтаж жандардың өмірін сақтап қалуға зор ықпалын тигізетінін атап өтті.

Еске сала кетейік, көлік полицейлері мұндай акцияға қосылып, көмек көрсетуді дәстүрге айналдырған. Бұл көмек Департаментте ғана емес, оның желілік бөліністерінде де жалғасын табуда. Олар тапсырған қандарының міндетті түрде біреуге көмек болып, өмірін сақтап қалатынына сенімді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру