Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеліктің көлігінен 330 келі балық табылды

Ақтөбелік тұрғынның көлігінен жүксалғышынан салмағы 330 килограмнан асатын түрлі балық табылып, тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін полицейлер экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, браконьерлік қызмет және су биоресурстарын қорғау бойынша тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Мысалы, 29 қаңтарда полиция қызметкерлері Ырғыз ауданының аумағында орналасқан Торғай көлінің жанында екі жолаушысы бар, 61 жастағы жүргізушінің басқаруымен “Тайота Ланд Крузер-80” автокөлігін тоқтатты.

Тексеру кезінде көліктің жүксалғышынан салмағы 330 килограмнан асатын түрлі балық табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 335-бабы 3-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті облыс тұрғындарын табиғатты қорғау заңнамасының нормаларын сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру