Ақмолалық ҚАЖД қызметкері дер кезінде медициналық көмек көрсетіп, сотталған азаматтың өмірін сақтап қалды
Ақмола облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметкері дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, сотталған адамның өмірін сақтап қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға Бурабай ауданында орын алған. Әдеттегі жұмыс күндерінің бірінде Ақмола облысы бойынша ҚАЖД Бурабай ауданының пробация бөлімінде таңертең сотталғандарды тіркеу-белгілеу процедурасы өтіп жатқан.
Аудандық пробация бөлімінің есебіндегі бас бостандығын шектеуге сотталған 25 жастағы Глеб есімді азамат аудандық ПБ ғимаратының кіреберісіне көтеріліп, бір стақан арақ үшін туындаған жанжал барысында басталған эпилепсия ұстамасы салдарынан құлаған. Глеб бұл аурумен бала кезінен ауырады.
Мұндай сәтте дереу алғашқы медициналық көмек көрсету маңызды. Бөлім қызметкерлері жедел жәрдем шақырған, алайда Глебтің қиналғанын көріп, өз бетінше әрекет етуге шешім қабылдаған.
– Павлодар заң колледжінде оқыған кездегі тұншығуға көрсетілетін алғашқы көмек көрсету тәсілдерін бірден есіме түсірдім, бұдан әрі күтуге болмайтын, Глеб көгеріп, тұншыға бастады, – дейді пробация қызметкері Руслан Жайсенбаев.
Осылайша, пробация қызметкерлері тарапынан дер кезінде көрсетілген медициналық көмек сотталған азаматтың өмірін сақтап қалуға ықпал етті.