Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада кәмелетке толмаған қызбен сыра ішкендер 2 тәулікке қамауға алынды

Қызылордада кәмелетке толмаған қызды масаң күйге жеткізген 2 азамат екі күнге қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 қаңтарда Қызылорда облысы Сырдария ауданының 20 және 25 жастағы екі тұрғыны 2004 жылы туған жасөспіріммен бірге сыра ішіп, оны масаң күйге дейін жеткізген.

Аталған құқық бұзушылықтары үшін оларға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 131-бабымен (Кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейiн жеткiзу) әкімшілік хаттамалар ресімделіп, жинақталған құжаттар сотқа жолданды.

Сотта азаматтар өз кінәларын толық мойындады.

2021 жылғы 5 ақпанда Сырдария аудандық сотының қаулысымен аталған азаматтар екі тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру