Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық азамат Бейнеу тұрғынына жұмысқа тұрғызу туралы жалған уәде берген

Атырау тұрғыны Бейнеу ауданының тұрғынына жұмысқа тұрғызу туралы жалған уәде беріп, 200 000 теңге ақшасын алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Ақтау қаласының криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға күдікті ретінде Атыраудың 38 жастағы тұрғынын анықтады.

Ол Бейнеу ауданының тұрғынын алдап, оны 200000 теңгеге бір компанияға жұмысқа орналастыруға уәде берген.

Қазіргі кезде ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру