Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл қаласының тұрғыны павлодарлық полицейлерге алғысын білдірді

Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовтің атына Петропавл қаласының тұрғыны Юрий Макаровтан алғыс хат келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– 2021 жылдың 6 ақпанында мен Петропавл қаласынан жүк тиелген “Камаз” көлігімен Өскемен қаласына жол тарттым. 2021 жылғы 7 ақпан күні сағат 10.00 шамасында  Аққулы ауданы Қызылқоғам ауылының маңындағы “Омбы-Майқапшағай” тас жолының тайғақ болуына байланысты автокөлікті игере алмай, көлігім аударылды. Мен дереу полицияға хабарластым, өйткені мен проблеманы өз күшіммен шеше алмайтынымды түсіндім. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері маған үлкен көмек көрсетті. Олар маған барлық тауарларды түсіруге, сосын Камазымды шығарып алғаннан кейін тауарларды қайта жүктеуге көмектесті. Олар маған күні бойы көмектесіп, жалғыз қалдырмады. Біз бәрін кеш батқан кезде аяқтадық. Трасса мұз болғандықтан, олар мені жолға жіберген жоқ. Олар сонымен бірге түнгі уақытта ұйықтайтын жер ұйымдастырып, көлігімді гаражға қойды. Мен жолды ашқаннан кейін сапарымды жалғастырамын. Мен барлық полиция қызметкерлеріне маған немқұрайлы қарамағандары үшін өте ризамын. Мен оларға зор денсаулық, қызметте сәттілік тілеймін және ұлдарына осындай тәрбие бергені үшін олардың ата-аналарына тағзым етемін. Департамент басшылығына жүргізушілерге деген қарым-қатынасы үшін алғыс білдіргім келеді. Павлодарлық полицейлерден бірінші рет көмек сұрап тұрғаным жоқ, – деген Юрий Макаров.

Өз кезегінде, Полиция департаменті азаматтарға ауа райының нашарлауына байланысты жолға шығудан, саяхаттаудан аулақ болуға, ауа райы туралы хабарламалар мен жолдағы жағдайды қадағалауға кеңес береді.

Жолда қиын жағдайға тап болған барлық азаматтар тәулік бойы ішкі істер органдарының бөлімшелерінен “102” нөмірі немесе “102” мобильді қосымшасы арқылы бейне және аудио қоңыраулар арқылы көмек сұрай алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру