Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында 2 келіден астам марихуана тәркіленді

Маңғыстау облысында 2 келіден астам марихуана тәркіленді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қарасора” және “Канал” жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен елді мекенінде есірткі заттарын заңсыз сақтау дерегін анықтады.

Жедел іс-шара барысында 48 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Opel Vectra маркалы автокөлігі тоқтатылды.

Автокөлікке жүргізілген тінту барысында ақ түсті қораптың ішінен екі полиэтилен пакетке салынған марихуана есірткі заты табылды.

Тәркіленген заттардың жалпы салмағы шамамен 2 келі 355 грамды құрады.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сараптама нәтижесінде Opel автокөлігінің жүргізушісі мен оның ішінде болған жолаушы азаматтың ағзасынан каннабиноидтар метаболиттері анықталды. Осыған байланысты оларға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-1-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. 

Күдікті азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу амалдары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру