Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полицейлер ата-аналармен профилактикалық кездесу өткізді

Жетісу облысы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Көксу ауданы мектептерінің оқушыларының ата-аналарымен профилактикалық кездесу өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға 235 ата-ана қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Жиналыс барысында полиция қызметкерлері жасөспірімдер қылмысының, буллингтің, интернет-алаяқтықтың алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде жүруіне жол бермеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Балаларды тәрбиелеудегі отбасының рөліне, жасөспірімдердің мінез-құлқындағы жағымсыз өзгерістерді дер кезінде анықтауға, сондай-ақ ата-аналардың педагогтермен және полиция қызметкерлерімен тұрақты байланыста болуының маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Полиция балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ата-аналардың, білім беру ұйымдары мен құқық қорғау органдарының ортақ жауапкершілігі екенін еске салады.

“Заң мен тәртіп” қағидаты аясында осындай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру