Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қадамдық қолжетімділікте: Алматы облысының бас полицейі халықпен онлайн кездесті

Алматы облысының бас полицейі Серік Кудебаев халықпен онлайн кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Серік Кудебаев онлайн тәртіпте тұрғындармен кездесті. Облыс тұрғындары бас полицеймен бейнебақылау байланысы арқылы сөйлесіп, сұрақтары мен өтініштерін айтты.

– Сұрақтардың басым бөлігі жол қауіпсізідігіне, бейнебақылау жүйесінің орнатылуына және кейбір қылмыстық істердің тергелуіне байланысты қойылды. Кейбір істердің тергелуі бойынша қалалық-аудандық полиция бөлімшелерінің бастықтарын тыңдаған полиция генералы қылмыстық өндірістерді облыстық тергеу басқармасына алдыру туралы тапсырмалар берді, – деді Алматы облысы ПД ресми өкілі Ақбота Әзірбек.

Арыз жазған қарияның мәселесін толығымен тыңдаған бас полицей оның егде жасын сыйлап, қылмыстық іс бойынша түсіндіру үшін аудандық полиция басшысын кейуананың үйіне жұмсағаны әлеуметтік желі пайдаланушылары арасында үлкен қолдауға ие болды.

– Мемлекет Басшысының тапсырмасымен «халық үніне құлақ асатын үкімет» тұжырымдамасын іске асыру барысында генерал Серік Кудебаев пен барлық полиция бөлімшелерінің бастықтары апта сайын халықпен онлайн кездесуде. Бүгін ауқымды шара үш сағаттан артық уақытқа созылды. Барлық сұрақтарға жауаптар берілді, – деді Ақбота Әзірбек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру