Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында түзеу мекемелері арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды

Алматы облысы бойынша ҚАЖД Қапшағай қаласының спорт кешені базасында Департаменттің ведомстволық бағынысты мекемелерінің жеке құрамы арасында футболдан жарыс ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға жеті команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды ЛА-155/4 мекемесінің командасы, екінші орынды ҚАЖД командасы, үшінші орынды ЛА-155/12 мекемесінің командасы иеленді.

Барлық командаларға кубоктар, грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді.

– Аталған іс – шараның мақсаты қызметкерлердің дене шынықтыру деңгейін қолдау және арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау болды, – деп атап өтті өңірлік ҚАЖД бастығының орынбасары Жәнібек Қосжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру