Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемендік полицей мереке қарсаңында сүйіктісіне ұсыныс жасады

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында ерекше оқиға орын алды,деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласы  Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының инспекторы Жасұлан Тұрсынғали өзінің әріптесі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Махаббат Маратоваға отбасын құру туралы ұсыныс жасады. Бұл оқиға Өскемен қаласының ПБ қызметкерлерінің әріптестерін құттықтап, мерекелік бейнеролик түсіру барысында орын алды. Күтпеген жерден Жасұлан өзінің сүйіктісіне гүл шоғын сыйға тартып, оған үйлену туралы  ұсынысын білдірді.

Ғашықтар өткен жылдың күзінде танысыпты. Олар кадр бөліміне кезекті еңбек демалысын ресімдеу үшін бір уақытта келген. Сөзден сөз шығып,  әңгімелері жарасқан екі қызметкердің таныстығы әрі қарай шынайы махаббатқа айналған.

Әріптестері Жасұлан мен Махаббатты қызмет табыстырғанын айтады. Олардың екеуі де полиция қызметкерлері және ішкі істер органдарында адал қызмет етеді.

Айта кетейік, ШҚО Полиция департаментінде 50-ден астам отбасылық жұп қызмет етеді. Олардың барлығын полициядағы қызмет табыстырған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру