Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда тәртіп сақшылары азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған екеуді қолға түсірді

Ақтау қаласында азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған екі күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 9 ақпанда сағат 23.15 -те Ақтау қаласы ПБ Жедел басқару орталығының «102» пультіне 63 жастағы қала тұрғыны хабарласып, сағат 23.00-де белгісіз біреулердің «Адиля» дүкеніне баса-көктеп кіріп, пышақпен қорқытып, «Ричмонд» және «Парламент» маркалы 85 қорап темекіні  мен 80 000 теңге сомасындағы ақшаны тартып алып кеткені туралы шағымданған.

Жедел уәкілдер екі тәулік бойы өткізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 36 және 40 жастағы екі күдіктіні анықтап, ұстады.

Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша заттай айғақтар, атап айтқанда «Ричмонд» және «Парламент» маркалы темекілер мен ақша қаражаты алынды.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабымен (Қарақшылық) қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілер Ақтау қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру