Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталған азамат елордалық түзеу мекемесіне 24 литр спирттік ішімдік өткізбекші болған

Нұр-Сұлтан қаласында түзеу мекемесінің аумағына 24 литр спирттік ішімдік өткізбекші болған сотталған азаматтың қылмыстық әрекеттері әшкереленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 11 ақпаны күні сағат 21:30-да Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/10 мекемесінің қызметкерлері жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында мекеменің тұрғын және өндірістік аумағының қиылысындағы қоршаудың ішінен жазасын өтеп жүрген сотталған азаматты ұстады.

Аталған азаматтан екі қапқа салынған алты дана бес литрлік ыдыстарға құйылған 24 литр спирттік ішімдік табылып, тәркіленді.

Сотталған азамат аталған тыйым салынған заттарды мекеме аумағына жасырын өткізбекші болғанын мойындады. Бұл дерек бойынша тексеру тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру