Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда полицейлер мас жүргізушілерді анықтауда

Ай басынан бері қала жолдарында алкогольдік мас күйінде 17 жүргізуші ұсталды, бұл өткен айдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға аз. Өткен айда елордада 80-нен астам мас жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері рейд барысында кезекті мас жүргізушіні ұстады. Түнгі уақытта Қорғалжын тас жолы бойымен 26 жастағы LADA автокөлігінің жүргізушісі тоқтатылды.

Тексеру кезінде жүргізушінің мас күйде көлік тізгіндегені анықталды.

Жүргізушіге қатысты алкогольдік мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Айта кету керек, аталған құқық бұзушылық үшін баптың санкциясы он бес тәулікке әкімшілік қамауды және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру