Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордадағы супермаркеттен ер адам брендтік виски бөтелкесін ұрлады

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері алкогольді ұрлады деген күдікпен 38 жастағы ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында ер адамның дүкенге кіріп, алкоголь өнімдерін сататын бөліміне барғаны анықталды. Сатушының басқа клиенттерге қызмет көрсетіп жатқанын пайдаланып, күдікті алкогольді ұрлаған. Қаскүнемнің бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Бейнетаспада ер адам спирттік ішімдіктер сататын сөрелерге жақындап, бөтелкені алып киімінің ішкі қалтасына жасырғаны көрінеді. Қаскүнем “Jameson” брендінің бір бөтелке вискиін ұрлап үлгерген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұрын сотталған күдікті өз кінәсін мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру