Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада түзеу мекемесіне есірткі әкелген азамат ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/10 мекемесіне тыйым салынған затты өткізу дерегінің жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 12 ақпаны күні сағат 11:45-те Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЕЦ-166/10 мекемесінде тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізу арналарын анықтау бойынша өткізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде алынған Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД өзіндік қауіпсіздік тобының ақпаратына сәйкес, мекеменің тексеру бөлмесінде азамат Н.Мусаевтан азық-түлік, атап айтқанда кәмпиттер арасына оралған ерекше иісі бар шөп тәріздес жасыл зат табылып, алынды.

Осы дерек бойынша арнайы жедел-тергеу тобы шақырылды, тексеру шаралары жүргізілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру