Алматы полициясы Ауған жауынгерлерін еске алды
Алматы полициясы Ауғанстаннан әскерлердің шығарылуының 32 жылдығына арналған еске алу шараларына қосылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 ақпанда бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде Ауғанстаннан әскерлерді шығарған күн атап өтіледі. Бұл қаза тапқан жауынгер-интернационалистер үшін аза тұту және еске алу күні.
– Жеке құрамды патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күнін мерекелеу қарсаңында Алматы қаласы ПД бөлімшелерінің қызметкерлері дәстүрлі түрде Ауған соғысының қатысушыларына қонаққа барады. Бұл күндері біздің жауынгерлер Ауған соғысына қатысқан 26 ІІО ардагерлерін аралап, құттықтады. Біз оларды аман-сау көргенімізге өте қуаныштымыз. Олар әрдайым жас қызметкерлерге сол шайқастардың егжей-тегжейін айтып беруге дайын. Бұл сөзсіз жас полиция қызметкерлерінің ерік-жігерін және патриоттық сезімдерін көтереді. Біз өз кезегімізде ардагерлерімізді қолдаймыз және ұмытпаймыз, – деді Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.
Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, Ауған соғысына 22 мың 296 қазақстандық қатысқан. Оның ішінде 928 адам қайтыс болды, 119 алматылық. Сонымен қатар, 19-ы әлі күнге дейін хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде тұр. Екі қазақстандықтың сүйегі үш жыл бұрын табылды, олар Қазақстанға қайтарылды. Алматыда 2 300-ге жуық ауған жауынгері тұрады, ал алматылық бір ауған жауынгері хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде тұр.
Қазақстанда барлығы 15 мыңнан астам жауынгер-интернационалисттер тұрады.
Соғыс 1979 жылдың 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпанына дейін созылды (2238 күн).