Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ басшысы сенаторлармен елдің пенитенциарлық жүйесін дамыту мәселесін талқылады

ІІМ басшысы сенаторлармен елдің пенитенциарлық жүйесін дамыту мәселесін талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің пенитенциарлық жүйе мәселелері жөніндегі отырысына қатысты.

Отырыс барысында Қылмыстық-атқару жүйесін дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған жол картасын іске асыру барысы, түрме инфрақұрылымын жаңғырту, сотталғандарға медициналық- санитариялық қызмет көрсету, сондай-ақ мекемелерді бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы баяндалды.

– Ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы қабылданып жатқан жүйелі шаралар сотталғандарды ұстауды едәуір жақсартуға және жазаларды орындау жүйесін ізгілендіру үшін құқықтық жағдайларды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, – деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Бүгінгі таңда түзеу мекемелерінде сот үкімі бойынша 25 000-нан астам адам жазасын өтеп жатыр.

– Бүгінде сотталғандардың азық-түлік, киім-кешек, кітаптарды банк карточкаларымен төлеу жолымен «электрондық дүкендер» арқылы сатып алу мүмкіндігі бар. Әлеуметтік пайдалы байланыстарды қолдау үшін сотталғандардың туыстарымен бейнесұхбаттар арқылы байланысу тәжірибесі енгізілуде. Сәлемдемелердің салмағы, сондай-ақ тамақтану нормалары артты, – деді министр.

Сенаторлар Министрліктің осы бағыттағы қызметіне оң баға беріп, қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар айтты.

Кездесуді қорытындылай келе, депутаттар Сенат Комитеті мен ІІМ-нің құқық қорғау қызметін одан әрі заңнамалық қамтамасыз ету жөніндегі тығыз әрі сындарлы жұмысы көшпелі отырыстың нәтижесі болатынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру