Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тұрғыны көлігін тауып берген полицейлерге алғысын білдірді

Павлодар қаласының тұрғыны полицейлерге екі жыл бұрын ұрланған көлігін қайтарғаны үшін алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Полицейлердің қажырлы еңбегінің арқасында ұрланған көлігім Қарағанды облысының Теміртау қаласынан табылды. Мен оң нәтижеге үміттенбедім, бірақ бірнеше күн бұрын полиция қызметкерлері қоңырау шалып, көлігімнің табылғаны туралы қуанышты жаңалықты хабарлады. Мен Полиция департаментінің қызметкерлеріне, жедел-тергеу тобының жетекшісі Жандос Жәкеновке, тергеушілер Асылбек Қайроллаевқа, Есімхан Жанпейісовке, жедел уәкіл Жаслан Таңжановқа, Диас Қалқамбековке үлкен алғысымды білдіргім келеді. Көлігімді қайтарғандарыңыз үшін көп рахмет. Сіздерге зор денсаулық және қызметте жоғарылауды тілеймін, – деп атап өтті павлодарлық Елена Паненкова.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысының жедел қызметкерлері құрамында Қарағанды облысының үш тұрғыны бар қылмыстық топты ұстаған еді, олар алдын ала автокөлікті таңдап, маршрутты жоспарлаған, көліктерді негізінен түнде әкетіп отырған. Ұрланған автокөліктер агрегаттық деректерін өзгерту, қалған бөлігі көлікті бөлшектеу арқылы сатылған.

Павлодарлық жедел уәкілдер бұрын ұрланған сегіз автокөлікті тапты: олардың ішінде «Toyota Avensis», «Toyota Land Cruiser Prado 120» маркалы автокөліктер бар. Қазіргі уақытта ұсталғандарға 10 факт бойынша айып тағылды. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Барлық күдіктілер қамауға алынды. Бұдан басқа, ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық ұйымды құрғаны және оған қатысқаны үшін күдіктілерге Қазақстан Республикасы ҚК-нің 262-бабының 1,2 – бөліктері бойынша  айып тағылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру