Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер қараусыз малдың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша шаралар қабылдауда

Қызылордалық полицейлер облыс тұрғындарымен кездесулер өткізіп, қараусыз жайылып жүрген малдың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төрт түліктің жол бойында қараусыз жайылып жүруі көлік қозғалысына кедергі келтіретіні белгілі. Әсіресе, күн жылы кезде үй жануарларын бағу ережелерінің сақталмауы салдарынан қараусыз малдардың жолға шығу деректері жиі орын алады.

Қараңғылық түскеннен кейін малды жолдардың маңында жаюға, қараусыз қалдыруға тыйым салынған. Алайда, бұл талаптар мал иелері тарапынан тиісті деңгейде орындалмайды. 

Өткен жылы «Самара- Шымкент» автомобиль жолының бойында қараусыз малды қағып кетудің алты дерегі орын алып, жол-көлік оқиғаларының салдарынан 11 адам түрлі дене жарақаттарын алған.

Осыған байланысты Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері «Қазақавтожол» ЖШС-мен бірлесіп, облыс аудандары мен Қызылорда қаласы аумағында орналасқан елді мекендер тұрғындарының жеке малдарының жол үстіне шығып кетуінің, жол қозғалысына кері әсерін тигізіп, жол-көлік оқиғаларының орын алуының алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдардың, атап айтқанда ауылдық округтердің әкімдерінің, жеке қожалықтардың төрағалары, мал иелері мен ауыл тұрғындарының қатысуымен кездесулер ұйымдастырды.

Сондай-ақ өкілетті тұлғалар ауыл тұрғындарына малдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау қажеттілігі  туралы айтып берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру