Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық азамат мас күйінде полиция шақырған

Мас күйінде себепсіз полиция шақырған атыраулық азаматқа 43 755 теңге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 ақпан күні сағат 22:50 шамасында Авангард мөлтек ауданында орналасқан көпқабатты пәтерлердің бірінде тұратын 41 жастағы азамат өзінің заңды некедегі жолдасын ұрып жатқандығын айтып, полиция шақырған.

Оқиға орнына келген учаскелік полиция инспекторлары тексеру кезінде аталған азаматтың мас күйінде полиция шақырғанын анықтады. Өткізілген наркологиялық сараптама қорытындысына сәйкес, ол орта дәрежелі масаң күйде болған.

41 жастағы тұрғын өз кінәсін мойындады. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабының 1-бөлігімен (Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру) әкімшілік хаттама толтырылып, 43 755 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру