Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері интернет алаяқтығына қатысы бар күдіктіні ұстады

Түркістан облысының полицейлері интернет алаяқтығына қатысы бар күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал АПБ-не жергілікті тұрғын әйел арызданып келеді. Оның айтуынша, белгісіз тұлға әлеуметтік желі арқылы бір топқа кіргізіп, ақшаңды еселеп көбейтіп ала аласың деген. Содан жәбірленуші оған сеніп, 19 мың теңгесін аударып жіберген. Алайда топтың ұйымдастырушысы ақшаны алысымен ізін суытқан. Аталған қылмыстық істі полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында мақтааралдық тәртіп сақшылар бір тәулік ішінде алаяқтық жасады деген әйелді ұстады.

Тергеушілердің анықтауынша, күдікті Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Ол әлеуметтік желіде арнайы топ ашу арқылы жәбірленушіні алдаған. Сондай-ақ 23 жастағы күдікті азаматшаның Шымкент қаласында осындай аляқтық жолмен тұрғындардан ақша алғаны анықталды. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта». Қазіргі таңда ұсталған азаматшаның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алаяқтықтың бүгінгі таңдағы жаңа түрі – ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты интернет-алаяқтық болып отыр және оның түрлері де күн өткен сайын кең таралып, көбейіп келеді. Яғни, бұл жерде қылмыскер компьютер, смартфон, планшет секілді заманауи құралдардың көмегімен интернет арқылы адамдарды алдап-арбап, олардан ақша бопсалау, мүлкін жымқыру секілді жымысқы әрекеттерді жасайды.

Сондықтан барынша сақ болыңыз! Кез келген адамға сенбеңіз, өзіңізге ғана белгілі құпия сандарды ешкімге айтпаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру