Қазығұрттық сақшылар сенбілікке шыққан қыз-келіншектерді құттықтады
Қазығұрттық сақшылар сенбілікке шыққан қыз-келіншектерді құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері арулар мерекесі қарсаңында бір топ қыздарды қуантты. Сенбілікке шыққан аналарымызға ақ тілектерін арнап, гүл шоқтарын табыс етті.
Тәртіп сақшылары өз сөздерінде:
– Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен сіздердей ардақтыларымыз жүз жасасын. Жүздеріңізден күлкі кетпесін. Барлық арман-мақсаттарыңыз орындалып, ұрпақтар сабақтастығын жалғай беріңіздер. Сіздердің ақ тілектеріңізбен өсіп-өне берейік ел аналары!, – деп алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.
Оған қоса полицейлер көліктегі аналарды да назардан тыс қалдырмады. Оларға да жүректен шыққан жылы сөздерін арнап, гүлшоқтарын сыйға тартты.
Өз кезегінде аналар полицейлердің тосынсыйына үлкен алғыстарын айтып, жұмыстарына табыс тіледі.