Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда мас жүргізушілер саны азаяр емес

Атырауда жыл басынан бері қоғамдық орында мас күйде жүрген 480-ге жуық адам жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары алкогольдік ішімдік пайдаланып, қоғамдық орындарда мас күйде жүргендерді анықтау жұмыстарын жалғастыруда.

Мысалы, 27 ақпан күні сағат 20:00 шамасында №2 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторларымен аумақты аралау барысында Гуревьский көшесінде орналасқан көп қабатты үйлердің бірінің дәлізінде адамның қадір-қасиетін қорлайтын масаң күйде жүрген 38 және 34 жастағы төрт азамат анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік хаттамалар толтырылып, олардың әрқайсысына бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұлдар салынды.

Айта кетейік, жыл басынан бері қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 480-ге жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 100-ден астам адамның осы құқық бұзушылықты қайталап жасағаны анықталды. Мұндай құқық бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бірінші рет бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл, ал бір жыл ішінде қайталап жасалған бұзушылық үшін 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе бес тәулікке қамау көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру