Түркістан қаласының полицейлері дүкеннен киім ұрлаған азаматшаны ұстады
Түркістан қаласының полицейлері дүкеннен киім ұрлаған азаматшаны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан ҚПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын, киім сататын сауда орнынан аяқ киім мен шалбар ұрланғанын айтып арызданады.
Жәбірленушінің айтуынша, киімге арналған акция қарсаңында, оның дүкеніне келушілер саны көптеп болған. Сондықтан нақты ұрлықты кім жасағанын анықтау қиынға соққан. Алайда дүкендегі бейнекамералардан белгісіз қыз баланың күмәнді іс-әрекеттері көрінген. Бұл жайт өңірлік полицейлермен ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алынып, күдіктінің түр-тұлғасын анықтауға байланысты жұмыстар жүргізіледі. Шығын көлемі 50 мың теңгеге жуық. Десе де полицейлер шығын аз болса да, қылмыс орын алғаннан соң, оны ашу міндет деп санайды.
Сондықтан күдіктіні анықтап ұстауға бағытталған жұмыстарды дер кезінде атқарады.
Оқиға орнына шұғыл жедел-тергеу тобы келіп, тексеру жұмыстарын іске асырды. Полиция қызметкерлері дүкен иесінен, куәгерлерден жауап алып, бейнебақылау камераларын мұқият тексеріп шықты.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан қаласының полицейлері бірнеше киім-кешек ұрлаған жергілікті тұрғын күдікті жас қызды ұстады.
Тергеу барысында анықталғандай, ол дүкенге келіп, сөмкесіне жасырын түрде қажетті заттарды жымқырып, салып, кассирге байқатпастан дүкеннен алып шыққан.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Полицейлер оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және мүлкін қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Дүкендерде және басқа сауда орындарында бейнебақылау камералары мен күзет дабылы орнатылуы қажеттігін естен шығармаңыздар.