Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқ әйел Семей тұрғынының ұялы телефонын заңсыз иемденген

Айлакер әйел жас жігіттің телефонын иемденіп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz

Наурыз айының басында Семей қаласының ПБ Әуезов полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 20 жастағы жігіт хабарласып, танысының өзінің қымбат бағалы телефонын сеніміне кіріп, алдап алып кеткенін айтқан. Оған 260 000 теңге материалдық шығын келтірілген.

Полиция қызметкерлері  өткізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы әйел полиция бөліміне жеткізілді. Күдікті тергеу әрекеттері барысында кінәсін толық мойындады.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру