Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда 29 жастағы азамат есірткі сайттарын жарнамалаумен айналысқан

Алматыда есірткі сайттарын насихаттаумен айналысқан жас жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әуезов аудандық ПБ қызметкерлері мен «Қазақстан еріктілері лигасы» ҚҚ еріктілері қаланың көпқабатты үйлер орналасқан ауданында жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді.

– Біріншіден, бұл рейдтер синтетикалық есірткінің таралу арналары туралы ақпаратты қамтитын граффити-жазуларды анықтауға және жоюға бағытталған. Біз алдын ала азаматтардың хабарламаларына арнайы талдау жүргізіп, осындай қылмыстық әрекеттерден көбірек зардап шеккен аймақты анықтадық. Нәтижесінде 1992 жылы туған азамат ұсталды, жеке тексеру кезінде  одан есірткі таратумен айналысатын сайттың сілтемесі көрсетілген жазбасы бар төрт жапсырма табылды және тәркіленді. Біз қаскүнем трафарет пен жапсырмаларды тапсырыс арқылы әзірлеген баспахананы таптық. Ұсталған азамат Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Іс сотқа жіберіледі, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру