Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды

Павлодар облысында есірткі саудасымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелеріне қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– 2019 жылғы қарашада Павлодар облысының Полиция департаменті арнайы жедел-іздестіру іс – шараларын жүргізу барысында Павлодар қаласының аумағында ұзақ уақыт бойы есірткі сатумен  айналысқан облыс орталығының тұрғыны бастаған ұйымдасқан топтың қылмыстық әрекеттерінің жолын кесті, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Қылмыстық топтың құрамында оның екі ұлы, бірге тұратын әйелі, ұлдарының бірінің әйелі, сондай-ақ Павлодар қаласының есірткіге тәуелді тұрғындары болған. Есірткіні  Жамбыл облысының Шу ауданынан жеткізу арнасы жолға қойылған.

Қылмыстық топ басшысы мен оның ұлдарының тұрғылықты жері бойынша ауқымды тергеу және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында аса ірі мөлшерде “гашиш”, “героин”, сондай-ақ 200 келіден астам “марихуана”, сондай-ақ атыс қаруы тәркіленді.

Мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен қылмыстық топтың қатысушыларына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

– 2020 жылдың 30 желтоқсанында Павлодар облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі 18 жылға бас бостандығынан айырылды, қылмыстық топтың қалған жеті қатысушысы, оның ішінде асырауында үш кәмелетке толмаған баласы бар әйел 16 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп атап өтті Рашад Өтеуов.

2021 жылғы 12 наурызда Павлодар облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру