Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде 126 жасөспірім полицияға жеткізілді

Ақтөбеде 126 жасөспірім полицияға жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 24-30 наурызы аралығында облыс аумағында «Демалыс» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жолын кесу және балалар мен жасөспірімдер қылмысының алдын алу болып табылады.

Жоспарланған іс-шараларды іске асыру барысында ювеналды полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда және жастар көп жиналатын орындарда, ойын-сауық орындарында рейдтік жұмыстар жүргізді.

Нәтижесінде жедел-алдын алу іс-шарасының екі күнінде ІІО-ға 126 кәмелетке толмаған бала жеткізілді, оның ішінде 114-і заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін.

Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін тоғыз ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

21 жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь өнімдерін сатқаны үшін – төрт, 21 жасқа толмаған тұлғаларға темекі өнімдерін сатқаны үшін – үш, кәмелетке толмағандарды ойын-сауық мекемесіне 22.00 сағаттан кейін заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз жібергені үшін екі жеке кәсіпкер жауапқа тартылды.

ПБ есебіне 21 жасөспірім және 25 жағдайы төмен отбасы қойылды.

Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау – ересектердің басты міндеті.

Балаларыңыздың демалысы сәтті, ойдағыдай өтуі үшін бәрін жасаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру