Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Келестік жігіт даяшының телефонын ұрлап кетті

Түркістан облысының полицейлері ұялы телефон ұрлаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған. Ол әйелдің айтуынша, өзі жұмыс жасайтын дәмханадан белгісіз біреу «Redmi» маркалы ұялы телефонын ұрлап, 80 мың теңге шығын келтірген.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеп, қылмыстық істі ашуға бірден бағытталды.

Хабар алысымен тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетіп, күдіктіні «ізін суытпай» үш сағат ішінде ұстады. Күдікті азамат жергілікті тұрғын болып шықты. Айғақты зат ретінде қолды болған ұялы телефон тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті тамақтану үшін дәмханаға кірген. Содан соң үстел үстінде тұрған ұялы телефонды көріп, арам ойы туындаған. Даяшыға тапсырыс беріп, оның кеткенін күткен. Сол мезетте ұялы телефонды алып, ол жерден кетіп қалған.

Өз кезегінде полицейлер тұрғындарды сақ болуға шақырады. Ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» нөмері арқылы полиция қызметкерлеріне хабар беріңіздер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру