Көлік жөндеушілер ордабасылық тұрғынның автобөлшектерін қолды қылды
Түркістан облысының полицейлері тұрғындардың автокөлігінің бөлшегін ұрлаған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ордабасы АПБ-не жергілікті екі бірдей тұрғын ұрлықтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданып келген. Жәбірленуші азаматтардың айтуынша, өздерінің басқаруындағы автокөліктерінің католизаторын көлік жөндеу орталығындағы жігіттердің ұрлап алғанын көрсеткен.
Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 50 мың теңгеге жуық. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.
Хабар алысымен полиция қызметкерлері толық құрамда оқиға орнына жедел жетіп, күдіктілерді анықтауға бағытталған шараларға бірден кірісті. Осылайша полицейлер күдікті ретінде көлік жөндеу орталығында жұмыс жасайтын екі азаматты анықтады. Олар жергілікті тұрғын болып шықты. Осылайша оңай жолмен қолды қылған автокөлік бөлшектерін сатып, ақшасын бас пайдаларының қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің бас шарасы қолхатта.
Тергеу барысында жәбірленуші екі азамат көліктерін жөндеткен. Біткеннен кейін үйлеріне қайтар жолда көліктерінен түсініксіз дыбыстар шыға бастаған. Содан соң тексерту барысында автокөліктің католизатор деген бөлігінің жоқтығы анықталған. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуды және өз мүлкін бөтен біреуге сенбеу керектігін ескертеді. Егер де, сіз, осындай жайттардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз онда міндетті түрде полицияның «102» телефонына хабарласыңыз.