Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында бұрынғы әйелімен жанжалдасқан ер адам жауапқа тартылды

Қарағанды облысында бұрынғы әйелімен жанжалдасқан ер адам жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 мамырда Нұра ауданының полиция бөліміне ауылдардың бірінен ауыл тұрғыны үйде ұрыс шығарғаны туралы хабарлама түсті. Жәбірленуші 41 жастағы әйел полицияға бұрынғы күйеуі келіп, жанжал шығарғаны туралы түсіндірді. Мас күйінде келген ер адам оны өлтіремін деп қорқытып, үйдің терезесін, сонымен қатар аулада тұрған көліктің алдыңғы әйнегін сындырған. Содан кейін ол көлігіне отырып, кетіп қалған.

Күдіктіні іздей бастаған полиция көп ұзамай оның көлігін ауылдан шыққан кезде тапты. Жол-көлік оқиғасын жасаған күдікті көлікті тоқтатуға мәжбүр болған.

ҚР ҚК-нің 115-бабы (Қорқыту) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар ер адам көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол үшін сот шешімімен оған 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру