Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да «Ford» көлігі жылқыны соғып кетті

СҚО-да «Ford» көлігі жылқыны соғып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО Шал ақын ауданында Ford Maverick автокөлігінің жүргізушісі жылқыны соғыт кеткен. Жол-көлік оқиғасы «Жезқазған – Петропавл» автожолының 796 шақырымында орын алған. Сағат 23:00 шамасында 66 жастағы аудан тұрғыны Ақан-Барақ ауылына бет алған. Кенет жолдың жиегіндегі ағаш арасынан жолға бес жылқы шыға келген. Көлікті шұғыл тежегенімен, жүргізуші олардың біреуімен соғылған. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде көлікке механикалық зиян келген. Жүргізуші де, жылқы да зардап шеккен жоқ, жануар шаба жөнелген. Оқиға жайлы хабарлама алғаннан кейін, полицейлер жергілікті ЖШС тиесілі жылқыларды іздеуге шара қабылдаған. Бағуға жауапты бригадир жылқылардың табыннан кездейсоқ бөлініп кеткен деп түсіндірген. Еркін жайылуға жол бергені үшін бригадир әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Осы оқиға — қаңғыбас малдар ұрлылардың назарын аудартып қана қоймай, жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіп төндіретіндігін тағы еске салады, — дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Руслан Мұхамбетжанов. — Ауданда осындай фактілерге жол бермеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру